Нью-Йоркте тұратын ұлты қазақ полицей өз өмірі жайлы айтып берді
© Esquire.kz Нью-Йоркте тұратын ұлты қазақ полицей өз өмірі жайлы айтып берді. Ол Бруклиндегі метроның маңында көше бойында бір әйелді босандырып алуға көмектескеннен кейін танымал болған еді. ОлEsquire.kz басылымындағы “Қазақстандықтар Америкада” жобасының аясында қазақстандық режиссер Қанат Бейсекеевтің қысқа деректі фильмінің кейіпкері болды. “АҚШ-қа сапарымыздың барысында Даниярмен кездесуді жөн көрдік, ол бізге АҚШ-қа қалай келгенін және Нью-Йорк полиция департаментінің полиция офицері болу деген арманына жету үшін қандай қиын жолды жүріп өтуге тура келгенін айтып берді”, – делінген фильмнің алғысөзінде. “Күн сайын жұмысқа барасың, бірақ қандай постта тұратының, қандай адамдарды кездестіретінің белгісіз. Қайырымды адамдармен де кездесесің, кейде күш қолдануға тура келетін адамдарға да кез боласың. Жұмысым сондай – бақылау”, – дейді Данияр Нұртаза.