Обама Путинге таңдау жасау керектiгiн айтты
Германияда өткен G7 саммитiнде АҚШ президентi Барак Обама осы жиынға шақырылмаған Ресей президентi Владимир Путинге қарата былай дедi: “Мәскеу жоққа шығарғанына қарамастан, ресейлiк әскер әлi де Украинаның шығысында соғысып жүр. Қажет болса, индустриалды алпауыт елдер Ресейге қарсы санкцияны күшейтуге дайын. Ресей президентi Владимир Путин өз елiнiң экономикасын құлдырату арқылы кеңес империясының даңқын қайта тiрiлткiсi келе ме, соны шешсiн. Ресей экономикасы рецессияда, сондықтан ол елдiң Украина шығысындағы iс-қимылы Ресейдiң өзiне, халқына керi әсерiн тигiзiп отыр”. Обама бұл сөзi арқылы кеңес империясын қайта тiрiлтуге жол бермеймiз дегендi қоса аңғартып отыр. Әрi шамаңа қарасаңшыны да құлаққағыс еткендей. Ал мұны тыңдай қояр Путин бар ма? zhasalash.kz