ҚАЗАҚҚА КЕЛГЕН ХАҚ ЕЛШІ КІМ?
Оның есімі ғана емес, қабірі де белгілі екенін білеміз бе? Ислам – Алла Тағаланың дүние жаратылғалы адамзатқа жолдаған барлық сәлемдерінің жиынтығы деген сөз екен. Ендеше, Мұхаммед Пайғамбардан бұрынғы пайғамбарлардың үмбеттері де мұсылман болып есептеледі. Құран Кәрімде Адам Атадан бастап, Мұса, Дәуіт, Сүлеймен, Иса пайғамбарларды жатсынбайтынымыз сондықтан. Құранда аттары аталмаса да, хадистерде жүз жиырма төрт мың пайғамбар келген делінеді. Алла Тағала адамдарға тура жолды көрсету үшін көптеген пайғамбар жіберді. Олардың алғашқысы хазіреті Адам (а.с.) болса, соңғысы хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) екені әмбеге аян. Асылында, әрбір үмметке бірер пайғамбар жіберілгендігі Құранда ашық түрде баян етіледі (қараңыз: 35.Фатыр-24, 10.Юнус-47). Бірақ жер бетіне хақ дінді тәблиғ ету үшін жіберілген пайғамбарлардың нақты саны белгісіз. Құранда тек