Омурбек Бабанов Атамбаевтың берген уәдесі туралы айтты
Қырғызстан президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Омурбек Бабановтың (оң жақтан екінші) дауыс беріп жатқа сәті. Бішкек, 15 қазан 2017 жыл. Қырғызстан президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Омурбек Бабанов сайлау кезінде болған заң бұзу оқиғалары жөнінде мәлімдеме жасады. Ол сайлау әділ әрі ашық өтті деп санамайтынын айтты. Бабанов «Кандидаттығымды ұсынбай тұрып президентпен ақылдасқан едім. Ол батасын беріп, “Иә, президент сайлауына түс. Біз өз кандидатымызды ұсынамыз, сен де қатыс. Жеңген адам президент болсын” деген. Куәлер бар. Ол сайлау әділ өтеді деген уәде берген. Бірақ тең жағдай жасалмады. Кейінгі аптада Алмазбек Шаршенович Атамбаевқа ақпаратты дұрыс бермеген. Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті мен милиция оны жалған ақпаратпен адастырып отыр. Мен оның бүгінгі сөздеріне қатты қапа болдым»