Оралмандар Наурызы
Дилара ИСА 27 наурыз күні Шымкенттегі Өзбекстаннан көшіп келген оралмандар Наурызды тойлады. Мерекеге мыңдаған адам қатысты. Асар ықшам ауданында оннан аса киіз үй тігіліп, ас таратылды. Жастар алтыбақан тепті. Аудан тұрғындары мен сонда орналасқан мемлекеттік мекемелер қазақтың салт-дәстүрін көрсетуден сайысқа түсті. 1 Асар ықшам ауданында тұратын оралмандар жыл сайын Наурыз мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Биылғы той 27 наурыз күні өтті. Шымкент, 2016 жыл. 2 Тойға оннан аса киіз үй тігілді. Үйдің алдынан ары-бері өткен, кіріп-шыққан әрбір адамға есік алдында тұрған келіншектер наурыз көже ұсынып, дәм татқызды. 3 Үлкендерге қызмет етуге келген қыз-келіншектер. 4 Наурыз көженің дәмін көріп тұрған ақсақал. 5 Әр киіз үйдің артында аспаздар 50-60 килограмм күріш басып,