| Орталық-2015
  • Қазақстанда «Орталық-2015» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды
    Жаңалықтар

    Қазақстанда «Орталық-2015» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

    Бүгін, 14 қыркүйекте «Орталық-2015» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығу «Оймаша» («Батыс» өңірлік қолбасшылығы) және «Шығыс» («Шығыс» өңірлік қолбасшылығы) полигондарында өтеді. «Батыс» ӨңҚ «Оймаша» полигонында оқу-жаттығудың ашылу рәсіміне ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мүслім Алтынбаев, ҚР ҚК ӘТК Бас қолбасшысының орынбасары 1-дәрежелі капитан Сәкен Бекжанов, сондай-ақ Ұлттық ұлан және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бөлімдері мен бөлімшелері қатысты. Өз кезегінде, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында 10810, 30217, 44793 әскери бөлімдерінің құрамалары мен бөлімдері және ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармалары жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Бөлімшелер оқу-жаттығу өткізілетін ауданға шығарылды, онда басқару пункттерін өрістетті, лауазымды адамдармен жұмыс ұйымдастырылды. Әзірлеме бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің бөлімдері мен бөлімшелері шартты қарсыластың шабуылын тойтара отырып, қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды.

    494
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: