РИНАТ ЗАЙЫТОВ: «МЕНІҢ ҚҰДАЙ БЕРГЕН ЖАЛҒЫЗ МЕМЛЕКЕТІМ БАР!»
- Ринат, біріншіден бәйгең құтты болсын! Бүгінгі жеңісіңе қуаныштымыз. Бұрынғы айтыстарыңда артық-кем айтылған шумақтарың ғаламторға тарап кеткелі сен туралы әңгіме көбейді. Мемлекетке, Елбасыға, «Нұр Отанға» дұшпан қылып көрсеткісі келгендер де болды. Бүгін, міне, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен айтыстың Бас жүлдесін иелендің. Сонда араларыңда татулық орнады ма? – Араздық болды деудің өзі артық шығар. Мен артық-кем айқаныммен жоғарғы биліктің тарапынан жауап ретінде ештеңе айтылған да, жасалған да жоқ. Егер нағыз дұшпан көріп, өкпелі болса «жауап» бергісі келсе биліктің күші де, қауқары да бар ғой. Жоғары жақтан «Ринатты айтысқа қатыстырмаңдар» деген бұйрық келді деп біраз айтыстан шеттеткені рас. Бірақ кім біліп жатыр, ол бұйрықты кім берді, қайдан берілді? Мен жоғарғы жақтағы
