Жүз, ру, тайпа, мемлекет деген не?
Ел аузында жүрген аңыз-әңгімелерден бастайықшы. «Қазақ деген бір шал болыпты, одан Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деген үш ұлы тарайды» деп басталатын аңызды бәріміз білеміз. Осы үшеуінің әрқайсысынан тарағандардың бәрі бір-біріне туыс деген ұғым миымызға сіңіп қалған…. Дидахмет Әшімханұлы: – Біз қазір ұлт бірлігі, ел бірлігі, қазақтың ішкі ынтымағы мәселесін жиі көтеріп жүрміз. Ұлт бірлігі проблемасын қозғамас бұрын ең алдымен ұғымды түзеп алуымыз керек сияқты. Танымға әбден сіңіп, қатып-семіп қалған ұғымдар бар. Мысалы, ұлт деген ұғымды қандай мағынада қолданып жүрміз? Жүз, ру, тайпа, мемлекет деген не? Бүгін осы ұғымдардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, мағынасын ашсақ деп отырмын. Жастар арасында қасаң түсінік қалыптасқан. Бір жүзге жататынның бәрін туысқан санайды. Бір-бірін бауырына тартқаны дұрыс шығар,
