Өскеменде 300 жас өнерпаз бір мезгілде «Салкүрең» күйін орындады
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Өскемен қаласының жақында ғана ашылған Драма театрының ғимараты алдында балалардың қатысуымен ауқымды мерекелік концерт өткізілді. Шарада облыс әкімі Даниал Ахметов «Кішкентай Муктың кішкентай ғана әңгімесі» спектаклін балалармен бірге тамашалады, деп хабарлайды ШҚО Ақпараттық орталығы. Балаларды қорғау күні Өскемен халқы үшін ірі мерекелерден кем өткен жоқ. Драма театр алдында қаланың барлық мектептерінің оқушылары жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ән мен бидің көркін қыздырды. Қала халқын қатты тамсандырғаны – бір мезетте 300 өскемендік жас өнерпаздың Құрманғазы күйлерін орындауы. Театр актерларының балаларға деген сыйы да ерекше. Мәдени орталықтың үлкен залында театрдың қазақ және және орыс труппасы «Екі дос немесе делдал қарға», «Кішкентай Муктың кішкентай ғана әңгімесі»