Пентагонның мәліметтері Ресейдің Түркия әуе кеңістігін бұзғанын растап отыр
© ren.tv Пентагонның мәліметтері Ресей ұшақтарының Түркия әуе кеңістігін бұзғанын растап отыр. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Пентагонның өкілі Марк Райт мәлімдеген. “Біз бұл хабарламадан хабардармыз және кеше ресейлік әскери тағы бір ұшақтың Түркия мен НАТО-ның әуе кеңістігін бұзғанын растай аламыз, – деп мәлімдеді Райт. – Біз осыған дейінгі оқиғалардан кейін мәлімдегеніміздей, АҚШ Түркиямен ниеттестікте НАТО-ға қосылады, біз Ресейді Түркияның әуе кеңістігін құрметтеуге және өңірде жоғарғы дәрежедегі тұрақсыздық қатеріне әкеп соқтыратын әрекеттерді тоқтатуға шақырамыз”. Пентагон өкілінің мәліметінше, “орыстар мен түріктердің бір-бірімен әңгімелескені” және эскалацияның алдын алу бойынша шараларды жүргізуі маңызды. Еске салайық, Түркия сыртқы істер министрі түрік тарапының ресейлікСу-34 ұшағының әуе кеңістігін бұзды деп мәлімдеуіне байланысты Ресей елшісін шақырып алған болатын. Түрік тарапының хабарына