Түркі-мұсылман саясаткерлерінің бірегейі Сәлімгерей Жантөрин еді
Патшалық Ресейдің түркі тілдес мұсылман халықтары құрған қоғамдық-саяси және мәдени ағартушылық қозғалыстың бел ортасында жүрген қайраткер Сәлімгерей Жантөрин осыдан 85 жыл бұрын Қазан қаласында жұмбақ жағдайда қаза болды. Мемлекеттік Дума депутаты Сәлімгерей Сейітханұлы Жантөрин. Мұсылман қауымының бетке ұстар талай азаматы дәріс алған «Ғалия» медресесін салуға қатысқан меценат, Мәскеу мен Санкт-Петербург университетін тәмамдаған, Уфа губерниясындағы жауапты қызмет иесі, алғашқы Думаның депутаты болып сайланған мұсылман қауымының құқығын қорғаушы һәм патшалық режимнің түркістандық зиялы қауымды қаққа жару әрекетін әшкерелеуші саясаткер. Бұл – өз заманында ірі құбылысқа айналса да, совет кезеңінде ұмыт қалған «түркі-мұсылман қайраткерлігінің» бір белгісі Сәлімгерей Жантөриннің қысқаша сипаттамасы.Хан тұқымына жататын әйгілі Жантөриндер әулетінен тараған Сәлімгерей Сейітханұлы Жантөрин 1864 жылы