Шәкір Әбенов. ҚҰН немесе керей мен тобықты тартысы
Тобықты ішінде Мамай – үштің бірінен саналатын жуан ру. Жеті Мамайдың ішінде қара күшке Қарабас әлуетті. Қарабас ішінде Ыбырай рақымсыз қатал, найзагер мықты болған. Мұнымен қоса ол сапырма ұры, қолына түссе бітім бермейтін, өз айтқанынан басқаға көнбейтін қыңыр болған. Туысы жуан, қол көмегі мол Ыбырайды тарпа бас салуға маңайдағы ел батпайды. Оның қолында ойдан-қырдан құралған бірнеше сіңбе ұрылар болады. Бір жылдары ел жайлаудан қайтқанда Ыбырай өзі бастатқан жеті кісі жондағы Жобалай керейге аттанады. Ішінде қаныпезер ұрының бірі Кәрсеннің Жүнісі бар. Сол жондағы Жобалай керейден қашып келіп, Ыбырайдың қолына сіңген бір ұры тағы бар. Ай жарық. Бұлар келе жатқанда Барлы қызыл деген жерде жеті кісі кездеседі. Олар да ұры, бұлар да