Тоқтар Төлешовты тұтқындаудың шынайы астары — адвокат
Төлешовке тағылған айыптардың арасында жаңасы пайда болуы мүмкін – ұлттық алауыздықты қоздыру. Қазіргі таңда Тоқтар Төлешовтың ісін бұқаралық ақпарат құралдары жіті назарда ұстап отыр. Ал ресейлік БАҚ ірі кәсіпкердің сүттен ақ, судан таза екенін жарыса жазып жатыр. Әлбетте, нұсқалардың бірі ретінде, бұл әрекеттер – бизнесті тартып алуға бағытталған шабуыл дегендер де жоқ емес. Белгілі қазақстандық құқық қорғаушы Абзал ҚұспанТөлешовтың тұтқындалуына байланысты «Әлібидің ісін» еске алады. Оның айтуынша, Жамалиевтың жасаған қылмысының оның бизнесіне ешқандай қатысы болған жоқ — ол мемлекеттік мүлікті жымқырып, бюджет қаржысына қол салған жоқ. Соған қарамастан оның бизнес-империясының быт-шыты шықты. Бұдан бөлек, Абзал Құспан мәселе Төлешовтың саяси белсенділігінің ерекшелігінде деп есептейді: – аталған азамат бұған дейін Ресейдің сойылын соғып