| Трамп
  • Жаһан жаңалықтары

    Песков: Ресейдің Трамп әкімшілігінен көңілі қалды

    Дмитрий Песков, Кремльдің баспасөз хатшысы. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзінше, Мәскеу АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігінен және қарым-қатынасты жақсартуда ілгерілеушіліктің жоқтығынан көңілі қалды. Песков CNN-геғ берген сұхбатында Трамп өткен жылы сайлауалды кампаниясында Ресеймен ынтымақтастықты дұрыстағысы келетінін мәлімдегенін айтты. “Өкінішке орай, бұл диалогтың қашан басталатынын білмейміз” деді Кремльдің баспасөз хатшысы. АҚШ-та арнайы қызметтің Ресейдің елдегі президент сайлауына ықтимал килігуіне қатысты есебі белсенді талқыланып жатыр. Федералдық тергеу бюросы (FBI) бұған қатысты Трамптың көмекшілеріне тергеу жүргізіп жатыр. Трамптың АҚШ ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Ақ үйден Ресейдің АҚШ-тағы елшісімен байланысы туралы ақпаратты жасырғанын мойындаған соң отставкаға кеткен. Ресейдің сайлауға ықтимал килігуін конгрестің бес комитеті де тексеріп жатыр. Песков бұларды “мастануд” деп атаған.

    478
  • Жаһан жаңалықтары

    Трамп АҚШ қорғаныс күштеріне “қомақты қаржы” сұрамақшы

    АҚШ президенті Дональд Трамп. Мэриленд, 24 ақпан 2017 жыл. АҚШ президенті Дональд Трамп елдің қарулы күштеріне “қомақты қаржы” сұрамақ ниеті барын мәлімдеді. Бұл туралы ол жұма күні консервативтік саяси партиялар конференциясында айтқан. Армияға қаржыны қандай кезеңге бөлуді сұрайтыны жайлы Ақ үй басшысы нақтыламады. Президент Трамп АҚШ қарулы күштерін нығайту және жетілдіруге ниетті екенін мәлімдеген. Оның сөзінше, бұл ел тарихындағы ең ірі әскери қуатты арттыру болуы мүмкін. Құрама Штаттардың қорғаныс бюджеті 500 миллиард доллардан астам соманы құрайды. Бұл Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы және Ұлыбритания тәрізді елдердің қорғаныс саласына жұмсайтын шығындарын қоса есептегендегіден артық қаржы. Ақпан айының басында АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күреске америкалық әскерилердің әзірлігін

    646
  • Жаһан жаңалықтары

    Ақ үй: Трамп Ресейге Қырымды қайтаруы тиіс екенін айқын ұқтырды

    Шон Спайсер, Ақ үйдің баспасөз хатшысы. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей үкіметі аннексиялап алған Қырымды қайтарып, Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдаудан бас тартуы тиіс екенін айқын білдірді деп мәлімдеді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер. Оның сөзіне қарағанда, Трамптың Мәскеуге қатысты ұстанымы “тым қатқыл”. Дегенмен ол Трамп Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға болады деп үміттенетінін айтты. Спайсер 3 ақпанда АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейлидің Ресейді айыптап, “Қырым – Украинаның бөлшегі” деп мәлімдегенін және Қырыммен байланысты санкциялар түбек Украинаға қайтарылмайынша сақталатынын айқын білдіргенін жеткізді. Спайсердің сөзі Дональд Трамптың Мәскеуге қатысты саясатты жұмсартуды меңзеген бірнеше мәлімдемесіне байланысты туындаған қауіпке жауап ретінде шықты. АҚШ-тың жаңа қаржы министрі Стивен Мнучин де Ресейге Украинадағы қақтығыстарға байланысты салынған

    549
  • Жаһан жаңалықтары

    «Қысқасы, былай болды…». Трамп «Ислам мемлекетінің» қалай құрылғанын айтып қойды

    Алдағы төрт жылда АҚШ-ты Трамп билеп-төстейді. Әлемге сөзін өткізіп отырған алпауыт елдің сыртқы саясаттағы әрбір әрекеті Қазақстанды да айналып өтпейді. Трамптың  АВС World News Tonight бағдарламасына берген сұхбатын аударып басуымызға да осы себеп болды-деп жазды kaz.365info.kz. Біз ғой, тыңдап отырдық. Осы арқылы оның психологиялық портретін жасауға тырыстық. Нені байқадық? Трамп «тірі» адам екен. Ресмилік атымен жоқ. Жасандылығын да көрмедік. Керісінше, әумесерлігі бар. Мақтаған емес, сонысымен ұнады бір жағынан. Бірақ,  Америкадағы демократияның шын көрінісі сонда журналист президенттен қорықпайды. Осы жолы да солай болды. Трамп журналистің алдында ақталды. Ағынан жарылды. Айтқан сөздері мен берген уәделері үшін жауап беруіне тура келді. Ұзақ сөйледі ол. Арасында ең өзекті деген ойларын тіліп алдық. Бәлкім, сізге де

    604
  • Жаһан жаңалықтары

    Трамп Сирияда “қауіпсіздік аймағын” құру жоспарын жария етті

    Дональд Трамп, АҚШ президенті. АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің АҚШ-қа келетін мигранттар ағынын тежеу жоспары аясында Сирияда босқындарға арналған “қауіпсіз аймақ” құрмақ ниетте екенін мәлімдеді. “Сирияда адамдарға арналған қауіпсіз аймақ құрам” деді Трамп ABS News телеарнасына берген сұхбатында. Ол Еуропа Одағының (ЕО) негізінен Сириядағы азаматтық соғыстан шыққан босқындар мәселесімен күресін саралап, осындай шешім қабылдағанын айты. “Еуропа ол миллион адамның Германия мен басқа да елдерге келуіне рұқсат беріп, үлкен қателік жасады деп санаймын” деді Трамп сұхбатында. АҚШ президенті Cирияда “қауіпсіздік аймағын” құруды “мұсылман елдерінен шыққан босқындар мен басқа да иммигранттардан төнетін терроризм қаупіне” қарсы тұру тәсілдерінің бірі деп білетінін айтты. Америкалық БАҚ Трамп айтқан “қауіпсіздік аймағы” туралы өкім миграциялық саясатты күшейту

    544
  • Жаһан жаңалықтары

    ЦРУ экс-директоры президент Трампты сынады

    Джон Бреннанның ЦРУ директоры кезіндегі суреті. Вашингтон, 8 қыркүйек 2016 жыл. АҚШ орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы директоры Джон Бреннан бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың осының алдында ЦРУ штаб-пәтеріне барғанда сөйлеген сөзін қатты сынға алған. Бұрынғы ЦРУ басшысының экс-көмекшісі Ник Шапиро жариялаған мәлімдемеде, мәселен, Трамптың сөзі “құнсыз” шықты әрі президент ЦРУ батырлары мемориалдық қабырғасы алдына тұрып алып, өз-өзін дәріптеумен болды делінген. Бреннанның сөзінше, Трамп өз айтқаны үшін ұялуы керек. АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі, қаңтардың 21 күні Вирджиния штатындағы Ленглиде орналасқан ЦРУ-дің штаб-пәтеріне барған. Ол барлау мекемесі қызметкерлеріне қолдау танытып, қолғабысын тигізетіні туралы уәде берген. Бұған дейін Трамп өзі туралы «Мәскеудің компромат жинағаны» жайлы жалған ақпараттың тарауына жол берді

    604
  • Жаһан жаңалықтары

    Трамп кандидаттары Ресейге қатысты қатаң ұстанымда болуға шақырды

    Пентагон басшылығына ұсынылған кандидат Джеймс Мэттис сенат тыңдауында отыр. Вашингтон, 12 қаңтар 2017 жыл. АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамптың елдің ұлттық қауіпсіздік органдарының басшылығына ұсынған екі кандидаты Ресейдің АҚШ пен Еуропа Одағындағы (ЕО) институттар жұмысын бұзуға ұмтылып отырғанын мәлімдеп, Мәскеумен қарым-қатынаста әлдеқайда қатаң саясат ұстануға шақырды. Пентагон басшылығына ұсынылған Джеймс Мэттис пен Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) директорлығына ұсынылған Майк Помпеоның мұндай мәлімдемелері Трамптың сайлауалды кампаниясында және сайлаудан кейін ұстанған көзқарастарына қайшы келеді. Мэттис пен Помпео 12 қаңтарда сенатта өткен жеке тыңдауда Ресейді басқыншы ойыншы деп атап, АҚШ-тың оған халықаралық аренада қатаң қарсылық танытуы керегін мәлімдеді. АҚШ теңіз жаяу әскерінің бұрынғы генералы Джеймс Мэттис Ресей президенті Владимир Путиннің НАТО-ны бұзуға талпынып

    446
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: