Бейжіңде Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендерін пайдалану және қорғау мәселелері талқыланды
2015 ж. Бейжіңде Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Су шаруашылығы министрінің орынбасары, Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының қытай жағынан тең төрағасы Цзяо Юнмен кездесу өткізді. Кездесу барысында су ресурстары саласындағы ынтымақтастықты дамыту және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында трансшекаралық өзендерде су бөлу келісімі жобасына қатысты бірлескен жұмыс мәселелер бойынша пікір алмасылды. Тараптар Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай бірлескен комиссиясының жұмысына оң баға берді. 2003-2015 жж. комиссияның 12 мәжілісі өткізіліп, олардың қорытындысы бойынша маңызды уағдаластықтар мен нәтижелерге қол жеткізілді. 2014 ж. құрылған сарапшылардың арнайы жұмыс тобы айналысатын ҚР мен ҚХР арасында Трансшекаралық өзендердегі су бөлу келісімінің жобасы бойынша белсенді жұмыс басталды. Сарапшылардың