Қазақстан ИЗМИР: MODEKO-2017 Халықаралық жиһаз көрмесіне қатысады
Түркия үстіміздегі жылғы маусым айынан бастап әлемнің 89 елімен визалық режимді қалпына келтіреді. Олардың арасында Қазақстан да бар. Бұл туралы түріктің Haberizmir газеті хабарлады. Басылым хабарлағандай, бұл туралы шешім Түркия мен Еуропа одағы арасында визалық режим мен реадмиссияны жеңілдету туралы келісімге қол қойылуына байланысты қабылданған. Визалық тәртіп қайта енгізілетін елдер қатарында Қазақстаннан бөлек, Албания, Әзербайжан, Белиз, Босния және Герцеговина, Экватор, Грузия, Иран, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Моңғолия, Өзбекстан, Түрікменстан және Украина сияқты дәулеттердің аттары аталады. «Bu ülkeler arasında Arnavutluk, Azerbaycan, Belize, Bolivya, Bosna-Hersek, Fas, Ekvator, Gürcistan, İran, Kazakistan, Kırgızistan, Kolombiya, Lübnan, Makedonya, Maldivler, Sırbistan, Ukrayna, Ürdün, Rusya Federasyonu, Moğolistan, Özbekistan, Peru, Tacikistan, Tunus ve Türkmenistan da bulunuyor», – деп атап көрсетеді басылым.
Түркияның F-16 әскери жойғыш ұшағы. (Көрнекі сурет). Түркия әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары елдің оңтүстік-шығысында Түркияда тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясы көтерілісшілерінің нысандарына соққы берді. Түркия қарулы күштері бас штабының мәлімдеуінше, күрд көтерілісшілерінің адам аяғы жетуі қиын таулы аудандардағы бірнеше лагері жойылған. Бұған қарымта ретінде Күрд жұмысшы партиясы жасақтары Диярбакыр мен Муш қаласын жалғайтын жол бойындағы екі көпірді жарып жіберген. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, күрдтер мәселесін “бейбіт жолмен шешу” процесінің жалғасуы қиын. Ол үкімет “күрд сепаратистерін қолдайтындармен диалог орната алмайтынын” айтады. azattyq.org
Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com
Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!