Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжал бүгін де жалғасты
Қырғыз-тәжік шекарасы маңында болған қақтығыс. 4 тамыз 2015 жыл. Қырғыз-тәжік шекарасында бүгін де жанжал шығып, жағдай қайта шиеленісті. Қырғызстаннның Баткен облысының шекара жақын Кок-таш ауылы мен Тәжікстанның Чорку ауылы маңында атыс даусы естілді. Тәжікстанның Исфара ауданы билігінің мәлімдеуінше, атыста төрт тәжік азаматы жараланған. Кеше осы аумақта екі ауыл тұрғындары – ондаған тәжік пен қырғыз арасында қақтығыс болып, бірнеше адам жараланған еді. Бүгін шекара маңына шамамен 500-ге тарта адам жиналып, бір-біріне тас ата бастаған. Кейбір ақпараттарға қарағанда, Кок-Таш ауылында әйелдер балаларын ертіп кете бастаған. Қақтығыс 3 тамыз күні тәжік азаматтары зиратқа бара жатқан Кок-Таш ауылы тұрғындарының жолын жауып, өткізбей қойғаннан кейін басталған. Оған жауап ретінде қырғыз азаматтары тәжік ауылына баратын канал суын