Шекарашылар Қытайдан келе жатқан жесір ананың бар ақшасын тәркілеп алды ЭКСКЛЮЗИВ
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Зайсан ауданының «Майқапшағай» кедендік бекетінен Қазақ еліне Қытайдан көшіп келе жатқан жесір ананың 49 900 АҚШ долларын шекарашылар тәркілеп алған. Baq.kz редакциясына көмек сұрап келген Гүлжан Мәуітхан есімді кейуананың басындағы ауыр жағдаймен оқырмандарды хабардар еткенді жөн көрдік. Өмір бойы жиған-тергенінен бір-ақ сәтте Қазақстан шекарасына келіп айырылған ананың қазіргі жағдайы ауыр. Оқиғаның толық мән-жайы былай… Мәуітхан Гүлжан ақпан айының 8-і күні Қытайдан Қазақстанға балаларымен және інісімен бірге көшіп келу үшін ШҚО Зайсан ауданына қарасты «Майқапшағай» кедендік бекетінен өтеді. Күйеуінен жастай жесір қалып, екі баласын өмірдің небір тауқыметін тарта жүріп ер жеткізген Гүлжан Қытайдағы өзіне тиесілі үйі мен бар дүние-мүлкін сатып, ол ақшаға Астана қаласынан үй алуды көздеген