Тәуелсіздіктің 25 жылы – біздің буынның уақыт өлшеміне сыймайтын теңдессіз ерлігі.
Елбасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа қатысты-деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызмметі. Астана қаласы, Тәуелсіздік сарайы Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздік мерейтойымен құттықтады. – Тәуелсіздіктің 25 жылы – біздің буынның уақыт өлшеміне сыймайтын теңдессіз ерлігі. Осы мерейтойлық жылда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануының символдық мәні бар. Парламент қабылдаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясы біздің ұлы жетістіктеріміз бен жеңісімізді айшықтаған маңызды саяси-құқықтық құжатқа айналды, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік кезеңіндегі басты жетістіктерге тоқталып өтті. – Жетекші халықаралық сарапшылардың пікірі бойынша, еліміз әлемге Қазақстанның «экономикалық ғажайыбының» жарқын үлгісін көрсетті, – деді Елбасы. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қоғамның қарыштап дамығанына назар аударды. – Біз бейбітшілік пен келісімнің бірегей