Ел басы Украина Президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімен құттықтады. Телефон арқылы сөйлесуге украин жағы бастамашылық етті.