БҰҰ: Украина шығысында құрбандар саны артты
Украин әскерилері ресейшіл сепаратистермен ұрыс кезінде. Донецк маңы, 31 мамыр 2015 жыл. БҰҰ Украина шығысындағы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 6 мың 400 адамнан асқанын хабарлады. Бұл саны ұйымның соңғы есебі жарияланғаннан бері 300 адамға ұлғайған-деп хабарлайды Аззаттық радиосы. БҰҰ маусымның 1-інде жариялаған есебінде ақпан айында Минскіде қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғаннан кейін атыстың саябырсығанына қарамастан, 2014 жылдың сәуір айынан бері қаза тапқандар саны 6 мың 417 адамға жеткен айтады. Мерт болғандардың 626-сы әйел мен қыздар. Украина үкіметі әскері мен ресейшіл сепаратистер арасында қақтығыс басталғалы бері 15 мың 962 адам жараланған. Ұйым сарапшылары бұл мәліметтер болжамға сүйеніп жасалғанын, қаза тапқандардың нақты саны “бұдан әлдеқайда жоғары болуы мүмкін” екенін айтады. Украина шығысындағы