АЛТЫНБЕК – «ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНДЕ»
Қазақ баспасөзінің тарихынан 1993 жыл. Баспа және ақпарат істер министрі Алтынбек Сәрсенбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің органы «Халық Кеңесі» газетінің редакциясында болған еді. Басылым басшыларымен кездесу барысында журналистердің сол кездегі өткір мәселелері талқыланылған болатын. Жас болса да Алтекеңнің мәселелерге ауқымды көзқараспен қарайтындығы, кебек ішінен дәнекті ажырата алатындығы таңдандырған. Суретте: (солдан оңға қарай) Самат Ибраим, Марат Тоқашбаев, Жұмабек Кенжалин, Сарбас Ақтаев (газеттің бас редакторы), Алтынбек Сәрсенбаев, Жанболат Аупбаев. Марат Тоқашбаевтың facebook парақшасынан алынды