«ХХ ғасыр Оспан-Чойбалсан» атты кітап жарық көрді
Ақын, жазушы Сұраған Рахметұлының соңғы 20 жылдағы еңбегінің нәтижесі – «ХХ ғасыр Оспан-Чойбалсан» ғылыми, тарихи, танымдық кітабы жарық көрді. Хронологиялық шеңбері 1912-1949 жылдар аралығын қамтиды. Аталмыш еңбек 4 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде: Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы, Шыңжаңдағы ахуал. Аз ұлттардың азаттығы үшінгі талпынысы. Екінші бөлімде: Моңғолия жерін мекендеген қазақтардың қоғамдық өмірінің әрқилы нәзік тұстары кестеленеді. Сонымен қатар Моңғолия қазақтарының басынан өткен оқиғалары яғни Жалама оқиғасы, «Кенжебек айдаған» 30-шы жылдардағы оқиғалар және Сталиндік қудалау қатарлы көптеген көмес қалған тарихнамалардың нақты деректері ашылады. Сонымен қатар Өр Алтайдан бері асқан қазақтар, Өр Алтайға қарай көшкен ел-жұрттың жай-күйі һәм басынан өткендерінен мағлұматтар өріледі. Үшінші бөлімде: Батыс шекарадағы орын алған саяси-әскери оқиғалардың бір парасы