ЦРУ экс-директоры президент Трампты сынады
Джон Бреннанның ЦРУ директоры кезіндегі суреті. Вашингтон, 8 қыркүйек 2016 жыл. АҚШ орталық барлау басқармасының (ЦРУ) бұрынғы директоры Джон Бреннан бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың осының алдында ЦРУ штаб-пәтеріне барғанда сөйлеген сөзін қатты сынға алған. Бұрынғы ЦРУ басшысының экс-көмекшісі Ник Шапиро жариялаған мәлімдемеде, мәселен, Трамптың сөзі “құнсыз” шықты әрі президент ЦРУ батырлары мемориалдық қабырғасы алдына тұрып алып, өз-өзін дәріптеумен болды делінген. Бреннанның сөзінше, Трамп өз айтқаны үшін ұялуы керек. АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі, қаңтардың 21 күні Вирджиния штатындағы Ленглиде орналасқан ЦРУ-дің штаб-пәтеріне барған. Ол барлау мекемесі қызметкерлеріне қолдау танытып, қолғабысын тигізетіні туралы уәде берген. Бұған дейін Трамп өзі туралы «Мәскеудің компромат жинағаны» жайлы жалған ақпараттың тарауына жол берді