Астанада тұңғыш рет шала қазақтардың отырысы өтті (фото)
Астанада шала қазақтар клубы мүшелерінің алғашқы кездесуі өтті. Бұл туралы Facebook парақшасындағы топтардың бірінде хабарланды деп жазады NUR.KZ. Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлісті АСТАНАДАҒЫ ШАЛА ҚАЗАҚТАР ОТЫРЫСЫ. ФОТО: FACEBOOK Отызға жуық астаналық қыз-жігіттер бір дастархан басына жиналып, тек қана қазақ тілінде сөйлеуге тырысты. Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлісті ФОТО: FACEBOOK Шала қазақтардың отырысына бүгінге дейін туған тілін білмегені үшін өзінен басқаны кінәлі санамайтын жастар жиналған. Facebook арқылы бөлісуВконтакте бөлісті ФОТО: FACEBOOK “Олар акцентпен сөйледі. Қателесті. Сөздерді шатастырып алды. Арасында мүлде сөйлемегендері де бар. Әйтсе де, олар бір-бірімен танысып, сөйлесіп, араласа бастады. Өйткені, қазақша қате сөйлегені үшін қасындағы адамның күліп қарамайтынын түсінген. Егер сіз де шала қазақ болсаңыз, клубқа қош келдіңіз”, – деп жазылған