Генерал Дәлелхан Шірікши елін қырдырғаны шындықпа?
Байахымет Жұмабай ұлы Шірікши оқиғасына қатысты деректер Бұл тарихы яғни 1947 – жылы Дәлелхан мен Оспан батыр арасындағы келіспеушіліктен өзара соғысы болып Дәлелқан армиясы осы жолы Оспан батыр қосыннан жеңіліп шегініп Жеменей арқылы Сәбетке өтіп кетіп қайта күш топтап, Бақты арқылы үш Ошақтыдан өтіп Ертіс бойындағы Шірікши өңіріндегі елді қырғындауы жайында жұрт арасында әр түрлы пікірлер мен көзқарастар айтылып жұр. Шынын айтқанда Дәлелқан сәбет үкіметіне сүйенген болып өз халқының арман – тілегін іске асыруда әуелде ‹шығыс түркстән› , кейінгі кезде ‹үш аймақ армиясына› сүйенді, ал Оспан батыр жергілікті адамдардан құрам тапқан партизандық қосын құрып дәл осы кезде гөминдәң үкіметінен күш алып «елді, жерді, малды бөліске салатын, дінді жоғалтады» екен деген идеямен,