Көгедай
Абақкерей Батыры бар ел жаудан қорықпайды. Шешені бар ел даудан қорықпайды. Төресі бар ел ханнан қорықпайды. Жәнібек Бердәулетұлы. Жоңғармен соғыс аяқталып, қазақтың біріккен қосынының тарап, әр ру өз жүйесін күйттеп кеткен жағдайда, Алтай мен Сауырдың Ресей мен Қытайдың мемлекеттік саясатына тартылуына байланысты бұл өлкеде қоныстану үшін Жәнібек бастаған Абақ Керей қауымы бірқатар түйінді мәселелерді шешуі қажет болды. Біріншіден, бұрынғыдай бытыраңқы рулардың жай ғана жиынтығы болмай, бір орталыққа топтасқан қауымға айналды. Ол үшін рулардың саны он екіге жеткізіліп, олар бір атадан тараған қаны бір туысқандар деген қағида насихатталды. Бұрын Найман мен Керей теңдес, бірақ Шыңғысханның қырғынынан азайып, тозып кеткен Меркіт руын қатарына алып, Жастабанмен қоныстас болып келген Сарыбас әулеттерін және Найманнан