ҚР Қорғаныс министрі алғашқы қазақстандық оқ жасау зауытының іргетасын қалады
Бүгін, 14 наурызда Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақтың аумағында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов алғашқы қазақстандық патрон зауыты құрылысының басталуына арналған рәсімге қатысты. Бұл жоба ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша әзірленді. Ұлттық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету, қазақстандық өнімді арттыру, сондай-ақ атыс қаруына арналған қолда бар патрондардың қорының азайтылуын назарға ала отырып, ҚР Қарулы Күштерінде анағұрлым сұранысқа ие 5,45*39 мм, 7,62*54 мм, 9*18 мм, 9*19 мм калибрлі патрондарды өндіру бойынша зауыт құру жоспарлануда. Осы жоба шеңберінде «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында ғимарат кешені мен патрондық зауыттың құрылысын салу жоспарлануда. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында барлық инженерлік коммуникациялар, авто және теміржол көлігі бар. Бұл орталықтандырылған түрде алаңнан тыс инженерлік