Қазақстанның “әнұранын” орындаған Порошенконың видеосын авторлары өшіріп тастады
Ресейлік Life News интернет басылымы Украина президенті Петр Порошенконы “Борат” фильміндегі Қазақстан “әнұранын” орындауға “мәжбүрлеген” атышулы роликті әлеуметтік желілерден өшіріп тастады. Айта кетерлігі, портал болған жайтқа ешқандай түсініктеме бермеген. Бұған дейін парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты әрі қоғам қайраткері Мұрат Әбенов роликке қарыслығын білдіріп, басылымды жауапкершілікке тарту керектігін алға тартқан еді. Видео желіге 16 шілде күні жүктелген болатын. Дереккөз: Nur.kz