Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық институттары Меморандумға қол қойды
Ташкент қаласында 5-маусым күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық және аймақаралық институттың сарапшылары кездесті. Бұл туралы ҚСЗИ-дың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде сарапшылар екіжақты қарым-қатынастардың ынтымақтастығы, оның ішінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ғылыми-академиялық, сарапшылық өзара ықпалдастығының қазіргі жағдайы және оның келешегі сияқты мәселелерін кең ауқымда талқылады. Халықаралық жағдайдың және аймақтың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты. Екі ел мемлекеттік органдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық, Орталық Азияда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты іске асырылатын іс-шаралары бойынша өзара талдамалық бағаларына және басқа да бірқатар мәселелеріне басты назар аударылды. Қазақ пен өзбек сарапшылары Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы маусымдағы Өзбекстан Республикасына