Қазақстанның бірінші ханымы мерейтойын тойлап жатыр
© Рersonal.akorda.kz Қазақстан Президентінің жұбайы Сара Алпысқызы Назарбаева бүгін 75 жасқа толды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаеваның жастық шағы. © Рersonal.akorda.kz Нұрсұлтан Назарбаевтың дербес парақшасынан Мемлекет басшысының өзінің болашақ жарымен кездесуі жайлы жазған қызықты оқиғасын оқуға болады. “Сол жылдардың өмір бойы есте қалатын ең бір елеулі оқиғасы – болашақ келіншегім Сарамен алғашқы кездесуім. Ал бұл кездесу… бір апаттан кейін домна пешінің жанында болған еді. Әдетте апат болып, металл жерге төгіліп жатқанда түгел ауысым бар қалдықты жинап, теміржол қозғалысын қалпына келтіргенше ешкім ешқайда кетпейді. Бұл бір бұлжымас тәртіп еді. Күні бойы боласың ба, тәулік бойы боласың ба, өзің бүлдіргенді өзің ретке келтіруің тиіс. Осындай қолайсыз бір сәт еді – тәулік