Қазақстан мен Ресей сыртқы саяси ведомстволары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
2017 жылғы 1 ақпанда қазақстандық тараптың бастамасымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары – статс-хатшысы Григорий Карасин телефон арқылы сөйлесті. Дипломаттар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы мен көпжақты форматтағы екіжақты өзара ықпалдастық мәселелерін талқылап, аймақтық және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Тараптар Қазақстан-Ресей қатынастары Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасы туралы шарттың негізінде құрылатынын растады. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ