“ҚАЗАҚ” СӨЗІ ТУРАЛЫ 1245 ЖЫЛҒЫ ҚЫПШАҚ-АРАБ СӨЗДІГІНДЕ НЕ АЙТЫЛҒАН?
Қалдыбай ҚЫДЫРБАЕВ. «Қазақ» сөзінің мағынасына қатысты зерттеу жұмыстары екі жарым ғасырға жуық уақыт жүргізіліп келе жатса да, зерттеу жұмыстарының көпшілігі «қазақ» сөзіне қатысты жазылған мақалаларға шолулар бойынша жасалған көзқарастар мен пайымдаулардан тұрады. Көзқарастардың кейбірі көңілге қонымды болжамдар болса, енді біреулері аңыз-әңгімелерге сүйеніп жасалған этимологиялар болып келеді. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай осы сұрақтың шешімін табуға өз үлесімізді қоссақ деген ниетпен, «қазақ» сөзіне араб тілінде түсіндірме жасалған 1245 жылы Мысырдағы мәмлүк қыпшақтары тарапынан жарыққа шыққан «Қыпшақ-араб сөздігі» қолжазбасының түпнұсқасы негізінде зерттеу жұмыстарын жасаған едік. Жазбаша деректемелер ішінде «қазақ» сөзі осы «Қыпшақ-араб сөздігінде» бірінші рет қолданылып, оған алғаш рет түсініктеме берілгені айтылып жүр. Сөздіктің қолжазбасын 1894 жылы голландиялық шығыстанушы ғалым М.Т.Хоутсма ең