ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ НЕГІЗІНДЕГІ БІРЫҢҒАЙ СТАНДАРТТЫҚ ЖОБАСЫ ӘЛІ ДЕ ШИКІ
9 қазан күні қалың жұртшылыққа ұсынылған Қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі бірыңғай стандартының жобасы дәл осы қалпында қабылдауға келмейді. Әлі де пісіретін тұстары баршылық. Мәселен, Ә әрпін білдіру үшін латынша «А» әрпінің жоғарғы оң жақ тұсына үтір қою (мендегі компта сол үтірді жоғары қою мүмкіндігі болмағандықтан осылай сөзбен жазуға тура келіп отыр–Авт), Ғ әрпі үшін латынша G әрпінің үстіңгі оң жақ тұсына үтір қою, И әрпі үшін латынша I әрпінің үстіңгі оң жақ тұсына үтір қою, Ө әрпі үшін латынша O әрпінің үстіңгі оң жақ тұсына үтір қою, Ш әрпі үшін латынша S әрпінің үстіңгі оң жақ тұсына үтір қою, Ү әрпі үшін латынша U әрпінің үстіңгі оң жақ тұсына