|  |  | 

Саясат Шоу-бизнис

Қытайлықтар Сапарбаевтан компаниясының жабылып қалмауын жалынып сұрады

Ақтөбедегі қытай компаниясының басшысы Бердібек Сапарбаевтан өз компаниясын жаппауын жалынып сұрады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қытайлықтар Сапарбаевтан компаниясының жабылып қалмауын жалынып сұрады (фото, видео)

ФОТО: NUR.KZ

Қытайдан келген 3-ші дəрежелі қызметкерлерін ұстап, қазақстандық жұмысшыларды қысқартқан Чжан Цзюнь жауап бере алмай састы. Бүгін Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев “Ұлы Қабырға” мұнай компаниясының бас директоры Чжан Цзюнь жасаған жұмыс есебін тыңдауға барды. Өткен жылы құрдымға кеткелі тұрғандығы айтылған компания тағы  бір жыл  ішінде ештеңе жасамаған болып шықты.

Əкім еш жұмыс жасамай, қызметкерлерін қаңғытып жіберген компания басшысын сынға алды.

“Жұмысты жақсарту, жұмысшылар жалақысын көтеруге қатысты келісімшартқа отырдық. Келісімдегі 10 бөлімнің 6-уы орындалмаған. Компания басшысына бірнеше рет ескерту жасалынды. Өткен жылғы шығын 1 миллиардтан асқан. Шығындарды талдау керек. Келісім-шартты орындамаса,  онда мойнына неге алады? Үш жақты келісімнің 60 пайызы орындалмаған. Бізде “дағдарыс” деген жақсы сылтау бар. Дағдарыс тек сіздерге келді ме? Қалған мекемелер жолын тауып жатыр. Бұрғылау жұмысына қарап отыруға болмайды.

Қытайлықтар Сапарбаевтан компаниясының жабылып қалмауын жалынып сұрады (фото, видео)

ФОТО: NUR.KZ

Егер бұл компания осындай қиындықтар туғызатын болса, бізге керек емес. Ақтөбе бұл компаниясыз құлап қалмайды. Экономикалық жағдайын жақсартпаса, жабу керек. Біз жылда осы компаниядан қысқарған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз. Компания жұмысшы жағдайын жақсартпаса, бізге керек емес”, – деді облыс əкімі.

Облыс əкімі нақты сұрақтарға жауап бере алмай сасқалақтап, күмілжіп қалған қытай компаниясының басшысына ескерту жасады. Компанияда жұмысшыларды қысқарту екі есеге азайған. Мыңдаған қазақстандық мұнайшылар қысқартуға ұшырап жатқанда, компанияда үшінші дəрежелі қытайлар əлі жұмыс жасап жүрген болып шықты.

“Қазақстандық жұмысшылар қысқартылып жатқанда, неге шетелден үшінші, төртінші дəрежелі жұмысшылар əкелінеді? Мұны қою керек.  Егер Ақтөбеде жұмыс жасағыларың келсе, жұмысшыларды қысқартуды қойыңыздар”, – деді облыс басшысы. 

Мұнай компаниясының басшысы да, экономикалық жағдайына жауап беретін мамандары да əкім қойған сұрақтарға нақты жауап бере алмай бастарын қасып, күмілжіп қалды.

Қытайлықтар Сапарбаевтан компаниясының жабылып қалмауын жалынып сұрады (фото, видео)

ФОТО: NUR.KZ

“Жұмысшылар жалақысы 7 пайызға төмендеген, əлеуметтік төлемақы азайған. Өткен жылдың 12 айында 6 рет осы компания мəселесі қаралған. Компания басшысының жұмысында еш нəтиже жоқ.

“Жұмысшыларды қысқарту тоқтатылсын” деген талабымыз да орындалмай отыр. Соңғы екі жылда жұмысшылар саны екі есеге қысқартылған.  Бұлай болмайды”, – деді Сапарбаев.

Естеріңізге салсақ, “Ұлы Қабырға” мұнай компаниясының басшысы өткен жылы Бердібек Сапарбаевтан қазақ тілінде аудармашы ұстамағаны үшін сөз естіген болатын.

 

Бүгінгі жиында қытай компаниясының басшысы сөз алдында баяндамасын орыс жəне қазақ тілінде жасай алатынын айтты.

“Қазақша сөйлейін деп тұрсыз ба?”, – деген Бердібек Сапарбаев таңданысын жасыра алған жоқ. Чжан Цзюнь екі тілде де аудармашы дайындап қойғанын айтып, қызметкерлерінің алдында күлкіге қалды.

NUR.KZ

Related Articles

  • Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Магнумды өзім мүлде ұнатпайды екенмін. Үнемі барсам, есі дұрыс көкөніс таппайтынмын. Ескірген, шіріген. Азық-түлікті тек базардан аламын. Бірақ магнумге байкотты тоқтатпау керек! Сонымен бірге, орыстілді кино, фильмдерге де байкот жариялау керек. Бірақ, одан күштісі, балаларыңды тек қазақша оқытып, қазақша тәрбиелеу керек. Бірақ, балаңды қазақша тәрбиелейін десең, тағы бір кедергі шығып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, баланы 13 жасқа дейін қазақ тілінде оқытып, ұлттық құндылықтарды бойына, ойына сіңіру керек. Енді солай істеп жатсақ, 7-8 жасар қап-қазақша өсіп келе жатқан балаңды мектепте орыс тілін үйретіп миын ашытуға тура келіп отыр. Яғни, 2-сыныптан бастап орыс тілі мектеп бағдарламасында тұр. Бжб, тжб-сында орыс тілі мұғалімдері баланың орысша мазмұндамасын (говорение) тексереді. Талап етеді. Сонда, біз байғұс қазақ,

  • Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде.

    Қазақ жастары бүгінде жаппай орыстану процесін бастан кешуде. Бала-бақшадан бастап, мектеп, жоғары оқу орны, еңбек мекемелерінің барлығы негізінен орыс тіліне көшуде. Өз еркімен емес, әділетсіз биліктің ұзақ жылғы солақай саясатының арқасында. Көшеде, кеңседе, дүкенде, көлікте, қоғамдық орында қазаққа қазақ орысша сөйлемесең немесе ұлтты сақтау керек деген жауапкершілік жүгін ұстанып, сенімен орысша сөйлесіп тұрған қазаққа қазақша сөйле деп ескерту жасасаң болды, бітті, бәле-жалаға қаласың. Заң да, оны орындаушы полиция, прокуратура, сот та орысқұлды қолдайды, ұлтқа жаны ашыған қазақты мүлде қорғамайды. Бұл қандай әділеттілік?! Мемлекеттік тілді, мемлекеттік қауіпсіздікті жекелеген адам емес, осыған жауапты мемлекеттік құрылымдар қорғауы керек қой. Жеке адам емес, ең алдымен билік қорғауы керек. Қазақ жеке тәуелсіз мемлекет болып тұрса

  • Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Нұрбек ТҮСІПХАН Еуроодақ жетекшілері мен Орталық Азия елдерінің басшылары “Орталық Азия – Еуроодақ” саммиті кезінде. Самарқан, Өзбекстан 4 сәуір 2025 жыл 3-4 сәуірде Самарқанда “Орталық Азия – Еуропа одағы” саммиті өтті. Орталық Азияның ресми БАҚ-тары мен мемлекеттік құрылым сайттары Самарқан саммитінің “тарихи маңызын” айтып жатыр. Ал екі аймақ арасында осындай форматтағы алғашқы кездесуді сарапшылар қалай бағалайды? Азаттық тілшісінің сұрақтарына саясаттанушы Жәнібек Арынов жауап береді. – Орталық Азия және Еуроодақ саммиті қаншалықты тең жағдайда өтіп жатыр деп айта аламыз? – Орталық Азия мемлекеттерінің 30 жылдық сыртқы саясатына, тарихына үңілсек, Еуроодақ әрдайым тең дәрежеде жұмыс жасауға тырысатын үлкен әріптестердің бірі. Мысалы, АҚШ немесе Ресей не болмаса Қытаймен салыстырғанда мемлекет тарапынан болсын, қоғам

  • Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Кейде қоғамды бір ғана оқиға қозғалысқа түсіріп, іште қатқан шеменді жарып жібереді. Бұл жолы дәл сондай ахуал орын алды. Magnum дүкендер желісінде орыс тілді бір азамат қазақ тілін білмейтін курьерге шағым түсіріп, артынан дүкен әкімшілігі әлгі курьерді жұмыстан шығарып, мәселені жылы жауып қоя салмақ болғанда, жұртшылық оқыстан оянып кетті. Бұл тек бір азаматтың реніші немесе дүкеннің ішкі тәртібі емес. Бұл – тілдік теңсіздікке қарсы ұлттың рефлексі. Қазақтың өзі, өз жерінде, өз тілінде сөйлей алмайтын күнге жеттік пе деген сұрақ сананы сыздатып тұр. Өз елінде тұрып, өз тілінде сөйлемейтін азаматты қоғамнан аластатылуы ақылға симайтын дүние. Ал Magnum дүкендері желісі отты күлмен көміп қойғандай болды. Қазақ тілі – елдің өзегі. Оған жасалған

  • НАУРЫЗ туралы маңызды құжат

    НАУРЫЗ туралы маңызды құжат

    Ашық дереккөздерден 1920 жылғы 20 наурызда Ташкентте Тұрар Рысқұлов қол қойған Наурызды атап өту туралы бұйрыққа көзім түсті. Демек, биыл бұл тарихи құжатқа – 105 жыл! Алайда, арада небәрі алты жыл өткен соң 1926 жылы Наурызға тыйым салынды. Ал, 1920 жылы Түркістан Кеңестік Республикасының Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып қызмет еткен Тұрар Рысқұловтың тағдыры қандай қайғымен аяқталғаны баршамызға мәлім. Оны “халық жауы” деп танып, 1938 жылдың 10 ақпанында ату жазасына кескен… Нашел вот такой документ в открытых источниках: Приказ, изданный в Ташкенте Тураром Рыскуловым от 20 марта 1920 года о праздновании Наурыза. Получается, в этом году этому историческому документу исполнилось 105 лет! В 1926 году Наурыз оказался под запретом. А

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы:

Zero.KZ