|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Суреттер сөйлейді

Төскейде малы мыңғырған Моңғолия (Фото)

Төскейде малы мыңғырған Моңғолия (Фото)  

Моңғол елі Ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы мықты дамыған көшпенді халық-деп жазды elana.kz.
Моңғолия туралы қысқаша мәлімет

Моңғол елі Азияның шығыс бөлігіне орналасқан тәуелсіз мемлекет. Жерінің көлемінің артқы бөлігі Ресеймен, алдыңғы бөлігі ҚХР-мен шекараласып жатыр. Елінің Астанасы – Улан-Батор қаласы. 2015 жылы Монголияның халық саны 3 миллионға жетіп, әлем халықтары санағы бойынша 135-орынға тұрақтаған. Жалпы моңғол ұлты халқының 95 пайызын құрайды. Мемлекеттік құжаттары монгол тілінде жүргізіледі. 1924 жылы жеке мемлекет құрған Моңғол елі 1961 жылдан БҰҰ -на мүше болып қабылданған. 20-шы ғасырда Кеңес одағымен саяси экономикалық жақсы қарым қатынаста болып, өзінің экономикалық қуатын жақсартып алған ел. 1990-жылдан нарықтық экономикаға бет бұрған. Бүгінде парламенттік басқару жүйесі қалыптасқан ел деуге болады. Жер көлемі ел Астанасынан бөлек 21 аймаққа бөлінеді. Өркендеп келе жатқан ел ретінде, жалпы ішкі өнімнің мөлшері 26.8 миллиард долларды құрап, бұл көрсеткішімен әлемде 111- орынға ие. Ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы мықты дамыған көшпенді халық. Әлемнің 184 елімен дипломатиялық қарым-қатынас жасайды.

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f-%d0%bc%d3%99%d0%bb%d1%96%d0%bc%d0%b5%d1%82

3 миллион халықта 61 миллион 500 мың бас мал бар

Статикалық мәліметтер бойынша, Моңғолияның мал басы өткен 2016-жылы  61 миллион 500 мыңға жеткен. 2015- жылы 56 миллион 200 мың басты мал саналғандығын ескерсек, бұл көрсеткіш алдағы жылмен салыстырғанда мал басының 9,9 пайызға өскендігін көрсетеді. 2016- жылы жылқы алдыңғы жылмен салыстырғанда 330 мың басқа, ірі қара 290 мың басқа, түйе 30 мың басқа, қой 2 миллион 910 мың басқа, ешкі 1 миллион 970 мың басқа көбейген. Яғни 2016 – жылы жылқы – 3 миллион 634 мың 900 басқа, ірі қара – 4 миллион 80 мың 300 басқа, түйе – 4 миллион 100 мың 300 басқа, қой – 27 миллион 853 мың 400 басқа, ешкі – 25 миллион 572 мың 200 басқа жеткен. Моңғолияда 216,700  отбасы мал шаруашылығымен айналсады. Олардың 14,200 отбасы 10- нан жоғары, 19,900 отбасы 11-30 бас малды, 15500 отбас 31-50 басты малды, 29,300 отбасы 51-100 бас малды, 46,200 отбасы 101-200 бас мал ұстайды. Сондай-ақ, 1000-1500 малды 7000 отбасы, 1500-2000 малы бар 1000-нан астам отбасы, 2001- ден артық малы бар 500 -дей отбасы бар екендігі санақ бойынша анықталған екен. Моңғолия бүгінде Ресей, Қытай, Корея елдеріне ет өнімдерін экспорттайды.  Моңғолияда тек Ресейге ет экспорттайтын 10 компания жұмыс жасайды. Жылына 5 миллион басты мал экспорттауға мүмкіндігі бар Моңғол елі, жылына өзінің ішкі тұтынысына 200 мың тонна ет пайдаланады. 

Малының ерекшелігі мен өнімі жайлы талдап көрсек…

%d2%af%d1%88%d1%96%d0%bd%d1%88%d1%96%d1%81%d1%96

Моңғолияда – миллион 634 мың 900 бас жылқы бар

Моңғолдың малы құблмалы ауа райына бейімделген, әрі суыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Сондығынан бүкіл бес түлік малы жылдың төрт мезгілінде жайылымда болады.  Жылқысының орташа салмағы 360-380 кг, бордақылап жемдегендері 400 -ден астам кг, етінің тығыздығы 52-56 пайыз, хувь,  сапалылығы 2886-3000 ккал болады. Жылқыдан күніне 7.5 литр, жылына 1.0-1.2 миллион тн қымыз дайындайды.  Жылына 2.7 мың тн жылқы етін экспорттайды.

%d0%b6%d1%8b%d0%bb%d2%9b%d1%8b

Моңғолияның сиыры – миллион 80 мың 300 басқа жеткен

Моңғол тұқымды сиырының сауылу мерзімі 180 күн, сиыр сүтінің майлылығы 4.36 пайыз, жылына әр сиырдан орташа есеппен 750-800 литр сүт алынады. Жылына 66.9-113.6  мың тн сиыр етін өндіріп, оның 12.9-14.0 мың тоннасын экспорттайды.

%d1%81%d0%b8%d1%8b%d1%80    %d1%81%d0%b8%d1%8b%d1%802

Моңғолияның қойы – 27 миллион 853 мың 400 басқа жетті

Моңғол қойының еті орташа  23.51кг, жаз мезгілінде 30-45 күн сауылып, әр қойдан 29.7 кг сvт алынады. Сүтінің майлылығы 6.35 пайызды құрайды.

%d2%9b%d0%be%d0%b9

Моңғолияда 25 миллион 572 мың 200 ешкі бар

Моңғол ешкісі жайылыммен еміруде жақсы көрсеткішке ие. Күзде серкелері 55-58 кг болса, ешкілерінің салмағы 37-41 келіге дейін тартады. Ешкілері 7 ай сауылып, әр ешкіден 50-60 литр сүт алынады. Сүтінің майлылығы 3.87 пайызды құрайды.

%d0%b5%d1%88%d0%ba%d1%96

Моңғолияның түйесі – 4 миллион 100 мың 300 басқа жетті

Моңғол түйесінің жүні, еті, сүті терісі әрдайым бағалы және көшпенді халық үшін таптырмайтын көлік құралы болып табылады. Моңғолияның жер көлемінің 41.7 пайызын иеленетін шөлейт аймағында Моңғолиядағы барлық түйенің 70 пайызы өсіріледі. Жалпы, Моңғолияның ауа райы қатал, құбылмалы ауа %d1%82%d2%af%d0%b9%d0%b5райлы өлкеге жатады. Қыс айларында ауаның орташа темпратурасы – 35-40 градусс, кейбір жылдары -44-50 градусқа дейін суық болады. Ал, жаз айларында шөлейт аймақтарында -40-45 градусқа дейін ыстық болса, басқа өлкелерінде -25-30 градусс, бик таулы өлкелерінде 15-20 градус ыстық болады. Міне, біз бүгінгі мақаламызда Моңғолия жайлы қысқаша дерекпен, оның мал шаруашылық саласы жайлы білгенімізше талдап әңгімеледік. Егер Моңғолия жайлы әр түрлі деректерден білуге ықыластарыңыз болып жатса, біз әңгімемізді ары қарай жалғастыруға дайынбыз!

…Енді Моңғолияның тамаша табиғатынан бірер көрністерді назарларыңызға ұсына отырып әңгімемізді аяқтауды жөн көрдік. Оқыңыздар, тамашалаңыздар, пікір білдіріңіздер! Қойған сұрақтарыңызға жауап беруге әзірміз, ағайын! Енді төмендегі Моңғолия табиғатының бірер суреттерін тамашалап көріңіздер!

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f15

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f13

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f7

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f16

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f14

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f12

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f11

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f9

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f10

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f8

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f6

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f5

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f3

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f4

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f2

%d0%bc%d0%be%d2%a3%d2%93%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%8f1

БАҒДАЛ АҚЫНҰЛЫ,

ҚР Журналистер одағының мүшесі

Ақпарат көзі: ЕлАна қоғамдық-танымдық сайты

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: