МЕН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫМЫЗДЫ, ЖАЛПЫ ЖАСТАРЫМЫЗДЫ МАҚТАН ТҰТАМ!
“Ой бай, біттік, тоздық, қытайлар қыздарымызды алып кетеді, арнайы агенствоны ашып қойды”. “Ой бай, жастарымыз не болмақ, 61 тобы секілді бұзылып бара жатыр емес пе?” “Ой бай, қазақ тіліміз өліп бара жатыр, не істейміз?” Достар, өз басым қазақ қыздарымызға да, жастарымызға да сенем, паникаға еш негіз көріп тұрған жоқпын. Жалпы, жастарымыз негізі қазақ тілді, рухты, намысты. 1. Өзге ұлттарға тиген қазақ қыздарының ішінде 4-ақ пайыз ғана. Ал қазақ жігіттердің ішінде бұндайлар 8% құрайды. Негізі, интернет бар кезде өзгелерге тием, немесе өзге ұлттан алам деп жүрген қыздар мен жігіттер бәрібір бұндай мүмкіндікті табады. Бірақ негізінде қыздарымыз (96%!) қазақ жігіттерді таңдайды. Қазақ жігіттердің 92% қыздарды өз ұлтынан алады. Негізі, ол үшін қыздарымызға