Қазақ медицинасы құнды зерттеу еңбегімен толықты
Нұргүл Жамбылқызы Алматы қаласы ОКЖ-нің №4 кітапханасында Астанадағы «Шипалы» емдеу орталығының бас дәрігері, денсаулық сақтау саласының үздігі, м.ғ.к. Қайрат Айдарханұлының төрт бірдей кітабының тұсаукесері болды. Кеш барысында Қайрат Айдарханұлының жеке өзінің «Қазақ емшілігі», «Арқа төрінде», «Сыр мен Сауыр арасы» және жазушы Жәди Шәкенұлымен бірлескен «Алтай алыптары» атты кітаптары көпшілікке таныстырылып, кеш қонақтарына да таратылды. Дәрігердің кітаптары түрлі тақырыпқа бағытталған. Мәселен, «Қазақ емшілігі» кітабына Қайрат Айдарханұлының ұзақ жылдарғы еңбектері мен зерттеулері енгізілген. Одан бөлек, аталған кітапта қазақ емшілігінде ұдайы қолданылатын дәрілер, табиғи емдеу жолдары топтастырылған. Кешке майталман ақын-жазушылар, елімізге белгілі баспагерлер, БАҚ өкілдері мен қалалық кітапхана меңгерушілері қатысты. Соның ішінде, белгілі ғалым, медицина ғылымдарының докторы, академик Мақсұт Темірбаев, медицина ғылымдарының докторы,