ҚАЗАНАМА
Ассалаумағалайкум жамағат! Монғолия еліне еңбек сіңірген қайраткер аяулы жар, ардақты әке, ұлағатты ата, ел ақсақалы Қанан Байысқанұлы атамыз 81 жасқа қараған шағында 2017-жылы қаңтардың 29-күні Қазақ елінің Талдықорған қаласы жанындағы Көксу ауданы, Балпықби ауылында ұзақ созылған науқастан қайтыс болып, орны толмас қазаға душар болдық. Қанан атамыздың өмір баянынан дерек: “Қасиетті Алтайдың теріскей беті Баян-Өлгей аймағының Сақсай ауылында 1936-жылы руы Керей, Шеруші, Төлек дәулескер күйші Байысқан шалдың шаңырағында дүниеге келген. Жастайынан зерек, еңбек құмар атамыз 1945-жылы мектеп табалдырығын аттап, 1955-жылы мектепті бітіріп, Ұланбатыр қаласына политекникалық техникумға жолдама алып 1958-жылы үздік бітірген. Увс аймақтық “Явары” көмір шахтасында техникші мамандығымен еңбек жолын бастап, 1965-жылы Баян-Өлгей аймағында жол жөндеу мекемесінде аға техникші, 1970-жылдан бастап