Қараөткелді көтерген Қосшығұловтар әулеті
Қазақ саудасының тарихы Қазақ арасында біз саудаға бейім халық емеспіз деген ұғым қалыптасқан. Оның себебін кейбір бауырларымыз көшпелі өмір салтынан, жалқаулығымыздан, не табиғи кеңдігімізден іздейді. Бұл ешқандай тарихи негізі жоқ бос әңгіме. 1509 жылы Мұхамед Шайбани ханға еріп қазақ даласына келген Фазлаллах Рузбихан былай деп жазады: «Их купцы (әңгіме қазақ саудагерлері туралы –Ж.А.) постоянно посещали и посещают старны ислама, равно и купцы этих стран ездят к ним. Купцы этой страны вхожи в их среду, заучивают предписания ислама, и сейчас вместе с ханами и султанами-мусульмане. Они читают Коран, исполняют молитвы, отдают своих детей в школу, постятся, вступают в брак и вовсе не женятся без брачного договора (әңгіме неке туралы-Ж.А.)» (Фазлаллах Рузбихан