Қытайдан келген ақын 550 жылдықтың сериалында Керейдің сардары болып ойнамақ
Қытайдан келген ақын Ұларбек Дәлейұлы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналып түсірілетін он бөлімді тарихи сериалға таңдалды,-деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі. Рүстем Әбдіраш режиссерлік ететін тарихи сериалға Қытайдан атажұртқа оралған қандасымыз Ұларбек Дәлейұлы 700 жігіттің ішінен таңдалып алыныпты. Ол кинода Керей ханның төрт сардарының бірі болып ойнамақ. Бұл ат құлағында ойнайтын атпал азаматтың тұңғыш рет кино саласына араласуы екен. Өзінің іріктеулерден қалай өткені жайлы ақын Ұларбек Дәлейұлы былай деді: «Елбасының тапсырмасымен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына байланысты кино түсірілетінінен хабардар болатынмын. Осы жылдың басында «Қамшы» порталының және де осы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мүшәйрасында жүлделі болып Алматыға жолым түскен еді. Сол кезде жолшыбай «Қазақфильмнің» алдынан өтіп бара жатып кастинг жарияланғаны