| ұлттық қауіпсіздік
  • Саясат

    Назарбаев: Қазақстан шетелдегі мүддесін қорғауды күшейтуі тиіс

    Елбасы Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады   Кездесу барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Сыртқы барлау қызметі өз дамуының жаңа кезеңіне өтіп жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі геосаяси ахуалдың күрделенуі мен халықаралық терроризм төндіріп отырған қатердің ұлғая түскенін ескере отырып, еліміз шет елдердегі өз мүддесін қорғау жұмыстарын күшейтуге тиіс екендігіне назар аударды. Ғ.Байжанов ведомствоның алдына қойылған міндеттердің жүзеге асырылу барысы туралы, соның ішінде кадрларды іріктеу мен даярлау жүйесін жетілдіру жұмыстары жөнінде баяндады. Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

    485
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: