МҰХТАР МАҒАУИН. ӘБІШ ЕКЕУМІЗ
Естелік жазбалар Әбіш – бүткіл саналы ғұмырды бірге өткерген, жастық шақтағы ежеттес дос, қаламгерлік ғұмырдағы қанаттас Әбіш Кекілбайұлының фәниден бақиға озғанын мен үш күннен соң естідім. Жер-әлемнің арғы беті – субтропикалық Флорида, Майиамиде теңізге шомылып, дем алып жатыр едім. Дем алып емес, тыныс тауып, ес жиып. Осыдан оншақты күн бұрын, Шыңғыс хан эпопеясының соңғы, төртінші кітабын тәмамдағам. Тура жеті жылға созылған, ұзақ, ауыр марафонның ақыры, қатты соғылып, әбден қалжаураған екем. Енді асса төрт-бес беттік алғысөз ғана қалған. Бұрнада айтар едім, аламан асырда қырық шақырым шауып келген бәйге ат кейде қарақшыдан өте бере жығылады, ұлы қағанымыз туралы өмірлік еңбегім қажетті мәресіне жеткен кезде маған абай болыңдар деп. Сол сөздің ықпалы ма,