Қазақстанда тұрып жатқан 130 мың әзербайжан диаспорасы өкілдері мемлекеттеріміз арасындағы маңызды дәнекер болып саналады, – деді Қазақстан Президенті.
Қазақстан Президенті Әзербайжан Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді-деп қабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. Әзербайжан Республикасы, Баку қаласы Мемлекет басшысы кездесу барысында қарауға ұсынылған барлық мәселелердің талқыланғанын атап өтті. – Біздің қарым-қатынасымыздың негізгі өзегін сауда-саттық құрайды. Ол басқа да бағыттар бойынша өзара іс-қимылды дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі кездесу сауда айналымын ұлғайту қажеттігін айқындап берді. Өйткені, 140 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қазіргі көрсеткіш біздің мүддемізге сай келмейді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті екіжақты сауда-экономикалық байланыстар саласында пайдаланылмаған зор әлеует бар екеніне назар аударды. – Елдеріміз мұны екіжақты сауданы одан әрі ұлғайту үшін пайдалануға тиіс. Қазақстан Әзербайжанға металлургия өнімін, экспортқа шығарылып жатқан локомотивтерді жеткізуге әзір. Әзербайжаннан