Сүйінші! Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Көкшетаудағы 57 көшеге қазақы атау берілді
40 лет Октября көшесіне Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов есімі берілді. Ал, Мир көшесі – Ыбырай Алтынсарин есімімен аталатын болды. Корчагин – Сығанақ, Симферепольский – Желтоқсан, Пригородный – Жібек жолы, Речная – Құлагер, Дзержинский – Конституция, Бережной – Жұмбақтас, Авангардная – Атамекен, Весенняя – Қазанат, Красногвардейский – Алаш болып өзгертілді. Бұл туралы қалалық ономастикалық комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды BNews.kz. Ономастикалық комиссия мүшелері талдау жүргізіп, топонимикалық маңызы жоқ көшелердің көп екенін анықтаған. Үкімет тапсырмасымен ономастика саласындағы жұмыстарды жүйелендіру мақсатында биылғы жылға дейін көшелерге атау беру және қайта атау мәселелерін қарау уақытша тоқтатылған болатын. Ал биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еліміздің түкпір-түкпірінде ономастика саласында бірқатар шаралар қолға алынуда. Бұған дейін Көкшетау қаласы