Ресейде Путинге қарсы әскери төңкеріс болуы ықтимал
Әзімбай Ғали Алда орыстың төл ақшасы девальвацияға ұрына беретін болады. Ресей тұрғындарының тұрмыс деңгейі бұрынғыдан да төмендей түседі. Шет елдік тауарларды тұтыну ресейліктер үшін қымбатқа түспек. Ресей ұзақ уақыттық дағдарысқа тап болды. Бұл дағдарыс 2007 жылы айқындалып еді. Содан бері көршіміз қателіктің үстіне қателік жасап келеді. Алдымен сол қателіктердің бірнеше алғышарттарын келтірейік: 1. Ресей нарықтық либералдық, құқықтық , саяси еркіндік жолынан тайды. 2. Империялық әскери-саяси экспансиялық жолды таңдады. Батыс елдері (АҚШ пен Еуропалық Одақ және НАТО) бірлестіктерімен конфронтацияға түсті. Экономиканы милитаризация жолына түсіру, Ресейдің ішкі саясатын тоталдық полицейлік күштік құрылымдардың қадағалау жолына ауыстыру, Ресей экономикасын әкімшілік жолмен бағындырып, әлемдік финанстық-нарықтық принциптерге жүгінбеу белең алды. 3. Ресей идеологиясы – құндылықтар жолынан