Құрлық әскерлері әскери институтының курсанттары шартты заңсыз бандқұралымдарына шабуыл жасады
Стратегиялық маңызды объектілерді күзету және сақшылық атқару, шабуыл жасау, заңсыз бандқұралымдарын басып алу және түнгі уақытта артиллериялық қарудан ату, жаралыларды көшіру және алғашқы медициналық көмек көрсету, бұлардың бәрін Құрлық әскерлері әскери институтының 2 курсында оқитын 2 батальонының курсанттары тек теория жүзінде ғана білетін. Курсанттар осының барлығын роталық-тактикалық оқу-жаттығу аясында іс жүзінде орындап үйренді. Сабақтар Әскери институттың оқу-жаттығу орталығының базасында өтті. Батальон таңертеңгі дабыл бойынша көтеріліп, күзетілетін аумақты бұзып кірген және олардың оқ-дәрілерін қолға түсіруге тырысқан шартты жау шоғырланған аумаққа жылжу туралы тапсырма алды. Роталық-тактикалық топ жауды қоршап, оны жою бойынша іс-қимылды орындады. Заңсыз құралымдар жасағы орналасқан ауданға Т-72 танкінен, БМП-2, БТР-80 қаруынан, сонымен бірге Д-30 артиллериялық қаруынан оқ жаудырды. Оқу-жаттығуға