Нидерланд прокуроры MH17 рейсінің әуе апатына ұшырауының негізгі болжамын айтты
Boeing-777 апаты болған орын. © AFP Малаизиялық Boeing-777 лайнерінің Украинаның оңтүстік шығысында әуе апатына ұшырауын тергеген Нидерланд прокуроры Фред Вестербеке “Русская служба Би-би-си” басылымына берген сұхбатында тергеушілердің ұшақты Донбасс аймағынан іске қосылған “Бук” жүйесінің атып түсіргені туралы болжамды шындыққа жанасады деп есептейтінін мәлімдеді. “Бұл шындыққа жанасатын жалғыз болжам, бұл біздің тергеуіміздің негізгі расталған болжамымыз. Алайда біз өзге де сценарийлерді қарастырып отырмыз. Олардың бірі “Бук” зымыранының өзге өңірден, өзге жерден ұшырылғаны туралы. Сонымен қатар, ұшақты “әуе-әуе” классындағы зымыранның техникалық мүмкіншілігін зерттеп жатырмыз. Бұл сот тыңдауында өзге болжамдардың негізсіз екенін көрсетуіміз үшін қажет”, – деп хабарлады прокурор. Вестербекенің айтуынша, қайғылы оқиғаның болғанына бір жыл өтсе де күдіктілерді тергеу атай алмайды. “Әрине, біз күдік келтіріп отырған адамдар