ӨЗБЕКСТАН-ҚАЗАҚСТАН: 2-0
Таяуда Өзбекстанның жаңа президенті Шавқат Мирзияев шетелге тұңғыш сапарын жасады. Сондағысы көпшілік сарапшылар болжағандай Ресейге немесе Қытайға емес, Орталық Азиядағы көрші елдерге. Дипломатияда жаңа сайланған басшының қай елге бірінші баратыны ерекше мәнге ие. Атап айтқанда, ол арқылы сыртқы саясатта басымдық кімге беріледі, аймақтағы ықпал иесі кім екендігі меңзеледі. Бұл тұста әсіресе аузы күйген ресейлік президент Владимир Путин болды. Алдында жеке Тәшкент пен Самарқанға келіп, ол өзбек әріптесіне тығыз ынтымақтастық жайлы уәделерін үйіп-төгіп кеткен болатын. Ізінше Ресей саясаттанушылары Мирзияев өзіміздің адам, енді Өзбектің беті бізге бері қарайды деп сендірді. Тіпті кей орталар жақын арада Өзбекстан Кремль қарамағындағы Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) кіруі ықтимал екенін айтты. Олай болмады. Керісінше, ЕАО-ға қосылмақ тұрмақ,