Qazaq Air әуе компаниясының билеттері қанша тұрады
© Тұрар Қазанғапов Qazaq Air әуе компаниясы рейстеріндегі билеттердің бағасы белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әуе компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы – Астана бағытындағы алғашқы рейс 2015 жылдың 27 тамызында ұшырылады. Ұшақтар келесі бағыттар бойынша ұшады: Алматы – Астана – күнделікті, билет құны бір бағытқа 10495 теңге; Алматы – Павлодар – аптасына 3 рейс (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма), билет құны бір бағытқа 10916 теңге; Алматы – Шымкент – аптасына 4 рейс (дүйсенбі, сейсенбі, сенбі, жексенбі, билет құны бір бағытқа 10495 теңге; Шымкент – Павлодар – аптасына 2 рейс (сейсенбі, жексенбі), билет құны бір бағытқа 14857 теңге; Шымкент – Қызылорда – аптасына 2 рейс (дүйсенбі, сенбі, билет құны бір бағытқа 8556 теңге. 2015 жылдың 14 тамызынан бастап Qazaq Air әуе компаниясы www.flyqazaq.com сайты, кеңселері мен әуе
